Дәрігер салонға барғанда корнавирус жұқтырудан қалай сақтану керектігін айтты

0

Клиенттер сұлулық салонындағы кірпік жалғау, бет тазалау, пилинг секілді қызмет түрлерінен қазірше бас тарта тұруы тиіс

АЛМАТЫ, 28 мамыр – Sputnik. Ресейлік жоғары санатты дәрігер Лариса Алексеева «Звезда» телеарнасына берген сұхбатында шаштаразға барған кезде коронавирусты жұқтырудан қалай сақтану керек екенін айтты.

«Шаштаразда шаш қию, шашты сәндету секілді қызметті ғана пайдалануға болады. Бетке қатысы бар процедулар орындалмайды. Себебі адам міндетті түрде маскада болуы қажет», – дейді маман.

Дәрігердің айтуынша, салонда клиент пен шаштараз маска тағу режимі мен өзге де қажетті шектеулерді сақтауы қажет. Сонымен қатар кірпік жалғау, бет тазалау, пилинг секілді күтімнен бас тартқан жөн.

«Екі адамның арасында байланыс өте жақын болғандықтан шаштараз бен клиенттің вирус жұқтыру қаупі жоғары», – деп ескертеді дәрігер.

Оқи отырыңыз: Бекшин сұлулық салондарының не себепті ашылмайтынын түсіндірді

Айта кетейік, ДДҰ-ның мәліметі бойынша, әлемде бес жарым миллионға жуық адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Ал 350 мыңға жуық науқас қайтыс болды.

Қазақстанда науқастар саны 9 576 адамға жетіп, 4 827 адам жазылып шықты, 37 адам қайтыс болды.



sputniknews.kz