Түркістан облысында жол апатынан төрт адам опат болды – Қазақстан жаңалықтары

0
11

Түркістан облысында сұмдық жол апатынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

дтп

28 мамыр шамамен сағат 14:30-да Жетісай-Шардара автожолының 8 шақырымы Кетебай ауылының бойында “Нексия” және “Лада-Vesta” маркалы екі жеңіл автокөлік бетпе-бет соқтығысты.

Аталған жол-көлік оқиғасы салдарынан “Нексия” және “Лада-Vesta” көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы және “Лада-Vesta” көлігінің бір жолаушысы қаза тапты.

«Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы болған жерде Жетісай аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – делінген ресми хабарламада.

Полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.

stan.kz