Дариға Назарбаеваның әлеуметтік желілерде аккаунттары жоқ

0

Сенат басшысының аккаунттары пайда болған жағдайда БАҚ бұл туралы ресми хабарланады.

ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі Дариға Назарбаеваның әлеуметтік желілерде аккаунттарының жоқ екенін хабарлап отыр, деп жазады Zakon.kz.

— Бірқатар БАҚ сұрауы бойынша, Сенаттың баспасөз қызметі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрайымы Дариға Назарбаеваның әлеуметтік желілер мен мессенджерледе аккаунттарының жоқтығы туралы хабарлайды. Егер Сенат басышының аккаунттары пайда болған жағдайда олар анықталады және БАҚ ресми түрде хабарланатын болады, — делінген палата баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

20 наурыз күні ҚР Парламенті палаталарының біріккен отырысында Дриға Назарбаева Сенат спикері болып тағайындалған болатын.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

kaz.zakon.kz