Дариға Назарбаева қазақстандық брендтердің киімдерін киюді ұсынды — Қазақстан жаңалықтары
Парламент сенатының төрайымы Дариға Назарбаева қазақстандық жеңіл өнеркәсіп салаларын дамытудың тың тәсілін ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сурет: astana.zagranitsa.com сайтынан
Дариға Назарбаева отандық брендтерді насихаттау үшін қазақстандық жұлдыздарды жарнамаға тартуды ұсынды.
«Табысты компаниялар үнемі танымал әрі атақты адамдарды өздерінің өнімдерін насихаттауға тартады. Қазақстанда отандық өнердің, эстраданың және спорттың жұлдыздары баршылық», — деді спикер.
Бұған қоса ол жарнамаға спорт жұлдыздарын шақыру туралы бастама көтерді.
«Егер де Димаш Құдайберген тек отандық фабриканың аяқ киімімен сахнаға шықса, өте жақсы ғой. Сонымен қатар, отандық өндірушілердің киімдерін кисе, оңтайлы нәтиже болатыны анық. Мұнымен қоса, бізде осы саладағы спорттық өнімді жарнамалауға қауқарлы спортшыларида аз емес. Осы шараларға уақыт пен қаржы бөлу керек. Бұл тұрғыда өнер әрі спорт жұлдыздары өздерінің үлесін қосуға дайын деп ойлаймын», — деді Дариға Назарбаева.
stan.kz