Дәретхана жуғызбақ болған әйел: Эмоцияға берілдім. Шын жүрегіммен қазақ халқынан кешірім сұраймын
Күні кеше Қазақстандағы қазақстарға дәретхана жудырамын деген келіншек халықтан кешірім сұрады.
Ол өзінің бұл әрекетіне желіде көп адамның боғауыз сөз жазуы себеп болғанын жеткізді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салсақ, Дәурен Шыназбеков есімді азамат Facebook-тегі топтардың біріне Қарақалпақстаннан қоныс аударып келген әйелдің жергілікті қазақтың ар-намысына тиетін сөздер айтып жатқан екі видеосын жариялады. Онда әлгі әйел өз байлығына масаттанып, “Қазақстандағы қазақтарға дәретханасын жудыратынын” айтты.
Енді ол өз әрекеті үшін халықтан кешірім сұрап жатыр. «Қазақ пен қарақалпақ бір туған» деп екі ел арасына іріткі сала жаздағаны үшін кешірім сұрады.