Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы анықталды

0
Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы анықталды


Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің бесінші жекпе-жегінде қарсыласы анықталды.

Matchroom промоутерлік компаниясы Даниярдың қарсыласы никарагуандық боксшы 33 жастағы Маркос Мохика (16-2-2, 12 КО) болатындығын жариялады. Айта кетейік, 27 жастағы Елеусіновтің мүддесін қорғайтын Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы оның кәсіби бокстағы бесінші жекпе-жегінің қашан және қайда өтетінін жариялаған болатын.

21 қазанда Данияр Елеусінов жартылай орта салмақтағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл Даниярдың әлемдік рейтингте біршама жоғары көтерілуіне жол ашты.

Дереккөз: ҚазАқпарат