Данияр Елеусінов қарсыласын нокаутқа түсірді

0
Данияр Елеусінов қарсыласын нокаутқа түсірді


Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов қарсыласын үшінші раундта нокаутқа түсірді.

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (4-0, 2 КО) Монте-Карлодағы (Монако) бокс кеші аясында никарагуалық Маркос Мохикамен жекпе-жек өткізді. Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген болатын, бірақ мерзімінен бұрын аяқталды. Елеусінов үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

27 жастағы Елеусінов үшін бұл бесінші жеңіс (үшеуі нокаутпен), ол кәсіпқой бокста бес кездесу өткізді, ал 33 жастағы Мохика мансап жолында үшінші рет жеңіліп отыр, қоржынында 16 жеңіс бар (12 нокаут) және екі рет тең түскен.

Жекпе-жектің толық видеосын назарларыңызға ұсынамыз.