Данияр Ақышев «7-20-25» бағдарламасын жандандырудың жолын ұсынды

0
Фото: Inform.kz

Мыңнан аса қазақстандықтың “7-20-25” бағдарламасымен ипотека алу туралы өтініші қабылданбады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев айтты.

Оның айтуынша, Ұлттық банк өткен жылдың ортасында бағдарлама талаптарын бекітіп, ипотека нарығын жақсарту мақсатында заңнамалық өзгертулер енгізді.

Өткен жылдың шілдесінде басталған “7-20-25” бағдарламасын 8 банк іске асырады.

17 қаңтардағы есеп бойынша 52 миллиард теңгеге 4350 өтінім мақұлданды. Сол кезде түскен 1237 өтінім мақұлданбай, қарыз берілмеді. Оларға ипотеканың берілмеу себебі – өтініш берушінің несие тарихының нашарлығы және жеткілікті кірістің болмауы, – деді ҚР Ұлттық банк төрағасы.

Данияр Ақышевтың айтуынша, өңірлерде “7-20-25” бағдарламасы арқылы сатылатын баспана жетіспейді.

Ол “7-20-25” бағдарламасын жандандыру үшін қандай мәселені шешу керек екенін де айтты.

“Біріншіден бастапқы баспана өңірлерде жетіспейді. Сондықтан тұрғын үй сұранысы, демографиялық өсу мен халықтың көші-қонын ескере отырып, Қазақстанның перспективалы аудандарында бағдарламаның шарттарына сәйкес келетін тұрғын үй салуды қамтамасыз ету маңызды, – деді ол.

Ұлттық банктің есептеуінше, бағдарлама бойынша 2019 жылы 16 мың пәтер қажет.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz