Ер адам эскалатордан құлаған сәбиді құтқарып алды

0
128
Әлемде

Қысқа сілтеме алу

47 0 0

Оқиға сауда орталығындағы бақылау камерасына түсіп қалған

АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Қытайдың Уси қаласындағы сауда орталықтарының бірінде тоғыз айлық сәби эскалатордан құлап кетті.

Оқиға сауда орталығындағы бақылау камерасына түсіп қалыпты. Видеода «ходунокпен» жүрген бөбек анасы тауар қарап жатқанда дүкеннен шығып, эскалаторға қарай беттейді, деп хабарлайды «Россия-24«.

Бір уақытта сәби автоматты баспалдаққа қадам басып, құлап кеткен. Абырой болғанда, сол сәтте эскалатормен 22 жастағы жігіт шығып келе жатып, баланы ұстап үлгереді.

Тоғыз айлық сәби құласа, ауыр жарақат алуы мүмкін еді. Жергілікті құқық қорғау органдары бөбектің анасымен тәрбиелік жұмыс жүргізді.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/