Даниал Ахметовтің өкілеттігі ұзарды

0

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің өкілеттігі бір жылға ұзарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

«Бүгін Президенттің Жарлығына сәйкес Даниал Кенжетайұлы Ахметовтің мол тәжірибесі ескеріліп, оның қызметтік өкілеттігі бір жылға ұзартылды», — делінген хабарламада.

Еске салайық, 2017 жылы 15 маусымда Ахметов 63 жасқа толған болатын. Сол кезде Даниал Ахметов ресми түрде зейнетке кетуі мүмкін екені хабарланған. Алайда оның өкілеттігі 2022 жылға дейін созылған еді.