Даниал Ахметов Риддер халқынан кешірім сұрады

0

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Риддер жылу электр орталығындағы ақаулар мен апаттардан үйлері қайта-қайта суып кетіп отырған тұрғындардан кешірім сұрады.

Аймақ басшысы Риддер қаласына барып, жылу электр орталығындағы ахуалмен танысқан.

«Орталық басшылығының жауапсыздығынан осындай оқиғалар болып жатыр. Олар 4 жыл бойы ештеңе істемеген. Мемлекеттік органдарды жалған анықтамалармен алдап келді. Былтыр қараша айында алғаш рет апат болған кезде біз басқа кәсіпорындар мен жылу электр орталықтарынан 160 маманды тартып, қалпына келтіру жұмысын қолға алдық. Өте мүшкіл хәлде болған жоғары қысымды 2 қазандықты қысқа уақыт ішінде жөндеп шығардық», – дейді облыс әкімі.

Қазір жылу электр орталығының басшылығына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.