Home Жаңалықтар Далада жүрген балаларды онлайн бақылау жүйесі енгізіледі

Далада жүрген балаларды онлайн бақылау жүйесі енгізіледі

0
70

Биыл ішкі істер министрлігі балалардың қауіпсіздігіне арналған жаңа жүйені сынақтан өткізіп көрмек. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Пилоттық жобалардың бірі – балалардың қауіпсіздігіне арналған «Мені тап» жүйесі. Соның арқасында баланың қайда жүргенін анықтауға болады», – деді Ораз онлайн брифингте. 

Оның айтуынша, жаңа жүйе мобильді қосымша ретінде смартфонға орнатылады. Bluetooth желісі арқылы арнайы трекерлермен байланыс жасап отырады.

«Трекерді баланың киіміне, я болмаса, мектеп сөмкесіне орнатып қоюға болады. Ұялы телефоны сөніп тұрған жағдайда немесе байланыс істемегенде мобильді қосымшаны іске қосып, Bluetooth желісі арқылы трекерді анықтауға мүмкіндік бар», – деп атап көрсетті Ораз.

Бұдан бөлек, жаңа жүйе шұғыл басқару орталығына да қосылады. Осылайша, ата-ананың баланы іздеп жатқаны туралы мәлімет бірден полицияға түседі.

1$, 5$, 10$... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету