COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастар үшін қауіпті дәрілер аталды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

8 0 0

Ресейлік вирусолог коронавирус инфекциясын емдеу кезінде қандай дәрілерді қолдануға болмайтыны айтты

АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Вирусолог дәрігер Надежда Жолобак коронавирус инфекциясынан өз бетінше тұмауға қарсы дәрілермен емделетін науқастардың қателігін атады.

Дәрігер коронавирус инфекциясы болған жағдайда, қабынуға қарсы стероидты емес танымал ибупрофен, аспирин, вольтарен, виклофенак және напроксен секілді препараттардың зиянды екенін айтты.

«Француз және италиян зерттеушілерінің тәжірибесі бұл препараттардың көмектеспейтінін көрсетті, тіпті бұл дәрілер ағзаны вирус қабылдағыш етеді. Сол себепті аспирин ішуге болмайды», — деп түсіндірді маман «Вечерняя Москва» басылымына берген сұхбатында.

Аталған дәрілер инфекция жұқтыруға жағдай жасайды. Ол өкпеге оңай еніп, кейіннен пневмонияның қабынуы мен альвеолдың зақымдануына әкеледі.

Оның айтуынша, Батыс дәрігерлері тек парацетамол ішуді ұсынады.

«Шын мәнінде, парацетамолдан да бас тарту қажет. Оның әсері соңына дейін зерттелмеген және салдарының қандай болатыны белгісіз», — деді дәрігер.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирус пандемиясы қашан аяқталатынын айтты

Сонымен қатар маман ауруды басатын дәрілерді қолданбауды ұсынды, себебі олар тыныс алуды қиындатып, әртүрлі патологияларды тудыруы мүмкін.

Маманның айтуынша, егер дене қызуы жоғары болса, өз бетінше ем қабылдамай, бірден дәрігерге қаралу қажет.



sputniknews.kz