Covid-19: Бір күнде 258 ауырған және 620 тасымалдаушы адам тіркелді, 3 адам қайтыс болды

Қазақстанда өткен тәулікте 258 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.
2020 жылғы 13 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 620 тасымалдаушы тіркелді.
Коронавирус iндетiнен 3 ɵлiм жағдайы тiркелдi.
Шымкент қаласы — 1944 жылы дүниеге келген ер адам,
Батыс Қазақстан облысы — 1938 жылы туған ер адам.
Павлодар облысы — 1942 жылы туған əйел адам.
Қазақстан бойынша барлығы 73 адам қайтыс болды.