БҰҰ: Қырғызстан — азаматтығы жоқтардың мәселесін шешкен алғашқы ел
Қырғызстан азаматтығы жоқ адамдар мәселесін шешіп, әлемнің өзге мемлекеттеріне үлгі боларлықтай іс атқарды. Соңғы бес жылда елдегі 13 мыңнан аса азаматтығы жоқ адамның мәселесі шешілген. Қазір елде азаматтығы жоқ адам кездеспейді. Бұл туралы 4 шілдеде Біріккен ұлттар ұйымының жоғарғы комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасы хабарлады.
Ақпаратқа қарағанда 4 шілдеде Бішкекте өткен арнайы шарада азаматтығы жоқ 50 адам паспорт алып, Қырғызстан азаматы атанған. «Олар — бұл тізімдегі соңғы адамдар, енді бұл елде азаматтыққа ие емес адам жоқ» деп мәлімдеген БҰҰ.
«Совет үкіметі тарағанан кейін Орталық Азияда мыңдаған адам азаматтықсыз қалды. БҰҰ-ның 2014 жылғы #IBelong компаниясының аясында Қырғызстанда азаматтығы жоқ 13 мың 700 адам, соның ішінде ек мың бала анықталып, оларға қатысты тиісті шаралар қолданылған. #IBelong компаниясының жұмысы 2024 жылға дейін әлемдегі азаматтығы жоқ адамдардың проблемасын толығымен шешуге бағытталған» делінген ақпаратта.
Қазір әлемде азаматтығы жоқ 10 миллионға жуық адам бар. Оның 500 мыңы Еуропа елдерінде тұрады. Солардың арасында білім мен медициналық көмек алу сияқты қарапайым құқықтан айырылған мыңдаған бала бар. Құжаты жоқ адамдар еркін жүріп-тұра алмайды, көп жағдайда кемсітушілікке тап болады.