елордада салтанатты ту көтеру рәсімі өтті

0
116

Қазақстанда 6 шілдеде Елорда күні аталып өтеді. Биыл Нұр-Сұлтан қаласына 21 жыл толды

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Елордада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұр-Сұлтан орталығында көтерілген мемлекеттік ту Елорда күнін атап өту шараларының басталғанын білдіреді.

«Егемен еліміздің бейбіт аспанында желбіреген көк туымыз – бүгінгі күннің баға жетпес байлығы. «Туған жерге туыңды тік» деген даналықтың мән-мағынасы осында. Себебі біз қасиетті топырағын қадір тұтатын, туын әрқашан биік ұстайтын елміз. Елорда күні қарсаңында салтанатты ту көтеру рәсімі өздерің сияқты ел қорғаны болатын азаматтардың алдында өтіп жатыр», – деді Тоқаев өз сөзінде.

Сонымен қатар шара барысында мемлекет басшысы еліміздегі әскери жоғары оқу орындарын бітірген курсанттарға әскери шендер мен атақтар тапсырды.

3 күн тойланатын мереке барысында шаһар тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени іс-шаралар өтеді.



sputniknews.kz