БҰҰ климаттың өзгеруіне алаңдап отыр


БҰҰ-ның бас хатшысы Антонио Гутерриш Польшаның Катовиц қаласында өткен Климаттың өзгеруіне байланысты 24-ші конференция барысында табиғаттың күрт жылынуымен саяси тұрғыда күрес жүргізу туралы мәлімдеді.
Гутерриш: «Кейінгі ұрпақ біздің қателігіміз үшін азап шекпеуі тиіс» деп мәлімдеме жасады. 200-ге тарта елдің өкілдері қатысқан жиын барысында соңғы жылдардағы климаттың өзгеруі басты тақырыпқа айналды. Егер барлық мемлекет мұнымен күрес жүргізбесе, болашақтың бұлыңғыр болатындығына алаңдап отыр.