«Бұрынғы жігітіммен сотта кездесеміз»: Анна Данченконың жазбасы көпшілікті ойландырып қойды

0

Танымал журналист Анна Данченко бұрынғы жүрген жігіт туралы жазба жариялады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Журналистің айтуынша, екі жыл бұрын ағасының еміне ақша алған көрінеді.

“Шыдамның да шегі бар. Үндемедім. Күттім. Сотқа жүгінуден басқа амалым қалмады. Бұрын жүрген жігітім ағасының еміне қарызға ақша сұрады. Екі аптадан кейін қайтарамын деп. Ол кезде біз бірге едік. Екі жыл өтті. Жақында ғана «анамның еміне қажет ол ақша» деп сұрадым. Оған бәрібір екен менің анамның денсаулығы. Әкемді жерлейтін кезде де өз ақшамды сұрадым. Қайтармады. Енді сұрасам маған қоқан-лоққы жасап жатыр. Енді сұрақ, жігіт маған қарыз, оның үстіне бопсалайды. Бұл дұрыс па? Нағыз ер жігіт осындай әрекетке бара ма? Сотта кездесеміз дедім, күлді», – деп жазды журналист.

Одан кейін бұрынғы жігіті журналистке жауап беретінін жеткізген. Журналистің айтуынша, ол жігітті жақындарының бәрі танитын көрінеді.

“Саған да жауап беремін. Жақсы болғанын қалап едім. Енді қызық болады”, – деп жазған бейтаныс жігіт.