Бұрынғы депутаттың ұлының суицидіне қатысты тың деректер пайда болды

0

Әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында Нұр-Сұлтан қалалық ауруханаларының бірінде қызметкерлерінің бірі өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды KzNews.

Полиция департаменті бұл жағдайды әлеуметтік желілерден білгендерін хабарлады.

«Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында суицид әрекеті туралы ақпарат анықталды. Жедел басқару орталығының 102 каналына қоңырау түскен жоқ. Бұл факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр », — деді полицияда.

Nege.kz сайтының жазуынша: «Нұр-Сұлтандағы №2 қалалық аурухананың заң бөлімінің басшысы өз кабинетін іштен құлыптап алып, өзіне-өзі қол салған. Куәгерлердің айтуынша, ол қандауырмен мойын күре тамырын бірнеше мәрте кеспек болған. Алайда аурухана қызметкерлері оған дер кезінде көмек көрсетіп, аман алып қалыпты. Қазір ол жан сақтау бөлімінде жатыр. Білетіндердің сөзіне қарағанда, өзіне-өзі қол салған азаматтың аты-жөні – Еркебұлан Алданұлы Смайыл…».

Ол Мәжілістің бұрынғы депутаты Алдан Зейноллаұлы Смайылдың жалғыз ұлы болуы  мүмкін.