Бүркіт тікелей эфирде әйелін жер көкке сыйғызбай мақтады

0

Бүркіт әйелі Аишаны отандық бағдарлама аясында жер-көке сыйғызбай мақтады. Әнші жұбайының отбасылық өмірде қандай екенін жасырмай айтты деп жазады «Астана» арнасындағы «Той жыры» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Әрқашанда жүрген жерінде сәлем салып тұрады. Тіпті, тойларға шықсақ та, сәлем салып жүреді ғой. Өзіне тән нәзік мінезі бар, соған ғашық болдым ғой. Біз үйде ұрыспаймыз. Кейде арасында келіспеушіліктер болатыны анық. Бірақ шу-жанжал ешқашан болып көрмеген» , — деді әнші.

Аиша өз кезегінде ұлттық салт-дәстүрлер жайында бастапқыда хабарсыз болғанын ашық айтты. Ол көпшілік әдет-ғұрыптарды келін болғалы үйренген.

«Мен үшін көптеген салттар жаңалық болды. Олардың арасынан білмегендерім де болды. Алайда, жасауым керек болса, мен үшін ол мүлде қиын емес» , — деді әншінің жұбайы.