БҚО тұрғыны үш адамды өлтіріп, өртеп жіберген

0
БҚО тұрғыны үш адамды өлтіріп, өртеп жіберген


Батыс Қазақстан облысында тұрғын үйдегі өрттен кейін үш адамның мүрдесі табылды.

Теректі аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Дүйсенғалиевтің сөзіне қарағанда, оқиға аудан орталығы Федоров ауылында болған. Межколхозная көшесі 2/2 мекенжайында тұрғын үйдің өртеніп жатқаны жөнінде хабар түскен. Өрт сөндірілген кезде оқиға орнынан зорлықпен өлтірілген екі әйел және бір ер адамның мүрдесі табылды.

Қылмыстың ізі суымай, 22 желтоқсан күні сағат 03.00 шамасында 45 жастағы азамат ұсталды. Қазіргі кезде ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағына (екі немесе одан көп адамды өлтіру) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, қолға түскен ер адам бұрын осы үйде тұрған. Үй иесі — әйелмен азаматтық некеде болған. Күдікті үш адамды өлтіріп, өртеп жіберген.

Дереккөз: ҚазАқпарат