«Бұл кітап — менің тағдырымның желісі» жас жазушы Жәмиля Бақтиярқызы

0

26 қыркүйек күні, Алматы қаласында жас жазушы Бақтиярқызы Жәмиляның «Бәйшешек» атты кітабының тұсаукесері өтті. Жаңа туынды күнделік жанрында жазылған. Үш бөлімнен тұратын еңбекте автордың басынан кешірген оқиғалары мен жүректен шыққан өлеңдері жарияланған.

«Бұл кітап тікелей менің тағдырымнан алынып жазылған. Ауыр дертпен онжылдық күресім, сенімім, жеңісім жайлы жазылған. Менің мақсатым мен сияқты тағдырдың тауқыметін көрген жандарға үлгі болсын, үмітінің шырағы болсын деген мақсатта туған дүние. Осы мақсатыма жетсем бақыттым» — дейді жас автор.

Кітаптың тұсаукесерін Жәмиляның журналистикадағы ұстаздары кесті.