Бүгін Қазақстанда қай жолдар жабылды

0
147

Екі өңірде автокөліктер үшін қозғалыс шектелген

АСТАНА, 29 қаңтар — Sputnik. Төтенше жағдайлар комитеті «Қазавтожол» ЖШС мен «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» МБ деректеріне сілтеме жасай отырып, қай жолдардың жабылғанын хабарлады.

Ақтөбе облысында

Ауа райы қолайсыздығына (қатты боран, жолдың дұрыс көрінбеуі) байланысты Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз республикалық маңызы бар жолының Ембі қаласынан Шалқар қаласына дейінгі 92-ші және 257-ші километрі аралығында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды.

Жүкті әйелдерді әкеле жатқан жедел жәрдем көлігі далада қалып қойды

Бұдан бөлек, өңірде облыстық жолдар да жабылған:

  • Ақтөбе — Болгарка — Шұбарқұдық жолының Сазды ауылынан Шұбарқұдық ауылына дейінгі 17-ші және 190-шы километрі аралығы;
  • Ақтөбе — Родниковка — Мәртүк жолының Ақтөбе қаласынан  Родниковка ауылына дейінгі 5-ші және 74-ші километрі аралығы;
  • Шұбарқұдық — Уіл — Қобда — Соль — Илецк жолының Шұбарқұдық, Уіл, Қобда және Жиренқопа ауылдарын байланыстыратын 0-ші және 371-ші километрі аралығы;

Павлодар облысы

Қатты аяз салдарынан Омбы – Майқапшағай республикалық маңызы бар жолының Павлодар қаласынан Шығыс Қазақстан облысы шекарасына дейінгі 426-шы және 587-ші километрі аралығында, сонымен қатар Ленинск – Ақсу – Ақжар жолының Көктөбе ауылынан ШҚО шекарасына дейінгі 99-шы және 215-ші километрі аралығында дизель отынымен жүретін және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелген.

Ақмола облысында қырғыз азаматтары мінген автобус жолда қалып қойды


Дереккөз: https://sputniknews.kz/