Бүгін ғана аспаннан салбырап түскен жоқпыз

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

8 0 0

Президент Қазақстан жастары қазақтың үлкен тарихы бар екенін білу керек деп санайды

АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын не үшін жазғанын түсіндірді, деп хабарлайды тілшісі. 

«Кеңес Одағында өмір сүргенде, біздің тарихымыз Қазан революциясы басталды деп оқытты ғой. Одан ары қарай ештеңе жоқ сияқты. Мектепте де, жоғары оқу орындарында да оқығанымыз сол. Сондықтан біздің балаларымыз «сендер қайдан шықтыңдар» десе, жөндеп айта алмайды», — дейді Назарбаев жыл қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде. 

Президент қазақ жастары тарихымыздың терең екенін білуі керек деп санайды. 

«Сақтардан, ғұндардан, ұлы түрік дүниесінен бастау керек. Сол жақтан бері қарай келе жатырмыз. Мынау Ұлы даланың үстінен кім өтіп, кім жүрмеді?! Шыңғыс ханның әскері де өтті. Сондықтан барлығы білсін деп жаздым («Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы). Біздің үлкен тарихымыз болған, терең. Бүгін ғана аспаннан салбырап түскеніміз жоқ», — деді мемлекет басшысы.  

Назарбаев қазақ халқы әлемнің ғылым-біліміне, мәдениетіне өз үлесін қосқанын атап өтті. 

«Мәселен, Римде Александр Македонскийдің үзеңгісі жоқ. Бәріміз де атқа міндік қой. Аяқты үзеңгіге тіреген кезде, үстінде отырған әскердің күші үш есеге артады. Соның барлығы бізден шыққанын, металлургияның бізде болғанын білсін деп жаздым. Халыққа ұнады ғой деймін. Жастар да үйреніп,  тарихымыздың ұлы екенін айтып жүрсе дұрыс болар еді», — деген тілегін жеткізді Қазақстан басшысы.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/