Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 29 наурыз

0
126

Бұл – Григориан күнтізбесінде 88-ші күн. Жыл соңына дейін 277 күн бар

29 наурызда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

29 наурызда әлемде қандай қызықты оқиға болды:

29 наурыз – Ресей қарулы күштеріндегі заң қызметкерлерінің күні. Олар осы күні басшылықтан, әріптестерінен сыйлық алып, олардың жылы лебізін естиді.

Бүгін – Францияда ұлттық ірімшік күні. Франция әлемде ірімшікті тұтынудан бірінші орында. Бұл елдің тұрғындары таңғы, түскі және кешкі аста ірімшік жейді. Мерекенің құрметіне орай француз мейрамханалары қонақтарына 7-8 ірімшіктің түрін бар-жоғы 1 еуроға ұсынады.

29 наурыз – әлем халқы сүйсіне ішетін кока-коланың туған күні. Бұл сусынның рецептісін америкалық фармацевт Джон Пембертон дәл осы күні ойлап тапқан. Ол кока жапырақтарын қайнатып, оған кофеин мен қантты қосқан.  Алғашында бұл сусын тек дәрігердің рұқсатымен дәріханаларда сатылыпты. Кейін дизайнер Фрэнк Робинсон коланың бізге таныс логотипін шығарған. Уақыт өте сусынға газ қосылған.

Джон Пембертонның дүниеден өткен соң, оның рецептісін АҚШ кәсіпкері Аза Кендлер бар-жоғы 2300 долларға сатып алады. Кейін ол қоланың құрамына құпия болып саналатын қайнатылған шөптерді қосады. Сусын көпшілікке ұнап, дүкен сөрелерінде сатыла бастайды. 1893 жылы Аза Кендлер ресми түрде The Coca-Cola брендін тіркейді. Қазіргі күнге дейін ол – әлемдегі ең танымал брендтердің бірі.

29 наурызда әлемде болған тарихи оқиғалар:

1778 жылы англиялық капитан Джеймс Кук Ванкувер аралына жетті.  Ол – бұл аралға табан тіреген бірінші еуропалық;

1795 жылы немістің атақты композиторы Людвиг ван Бетховен Венада алғашқы концертін берді;

1867 жылы Англияла Канаданы құру туралы солтүстікамерикалық акт қабылданды;

1940 жылы Англия банкі алғаш рет қағаз ақшаларды айналымға шығарды. Бұл қағаз ақшада жұқа металл жіп болды. Сондықтан оны қолдан жасау өте қиынға соқты.

29 наурызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

1994 жылы М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқыған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ құру идеясын ұсынды;

1996 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауылында қазақтың атақты ханы Абылайдың ақылшысы, жырау, ақын Бұқар Қалқаманұлына ескерткіш қойылды;

2006 жылы 1913-1918 жылдары ұлтымыздың жоғын жоқтаған «Қазақ» газеті оқырмандарға қайта оралды;

2013 жылы Астана әкімдігі EXPO халықаралық көрмесі жобасы – экоқалашықтың құрылысына 100 гектар жер бөлді;

2017 жылы Қазақтың танымал әншісі Димаш Құдайбергеннің фотосы Нью-Йорк қаласының Манхэттен ауданында орналасқан Times Square алаңындағы үлкен LED экранға шықты;

29 наурызда дүниеге келген танымал тұлғалар:

1790 жылы АҚШ-тың 10-президенті, мемлекеттік және саяси қайраткер Джон Тайлер дүниеге келді;

1936 жылы актер және кинорежиссер, Ресей халық әртісі Станислав Говорухин дүниеге келді;

1925 жылы кеңестік және ресейлік композитор, әнші, пианиношы Людмила Лядова өмірге келді. Ол РКФСР-дің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1975), РКФСР-дің халық әртісі (1984);

1951 жылы ресейлік театр және кино актері Александр Фатюшин дүниеге келді. Ол – РКФСР-дің еңбек сіңірген әртісі (1984). Халық арасында танымал «Москва слезам не верит» фильмінде ойнаған;

1957 жылы француз және америкалық актер Кристофер Ламберт өмірге келді. Ол «Легенда о тарзане», «Горец» фильмдеріне түскен;

29 наурызда Қазақстанда кім дүниеге келді:

1893 жылы Алаш қозғалысы қайраткерлерінің бірі, журналист, аудармашы, публицист Әбдіхамит Жүндібаев дүниеге келді;

1896 жылы екі мәрте Социалистік еңбек ері, атақты шопан Жазылбек Қуанышбаев дүниеге келді;

1965 жылы ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Наталья Жұмаділдаева дүниеге келді;

1965 жылы самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдодан, қазақша күрестен спорт шебері Сәлкен Жартыбаев дүниеге келді. Ол – самбодан КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы, КСРО кубогының күміс жүлдегері. 1992,1993,1994 жылдары Қазақстанның ең үздік самбошысы атанған болатын.

1974 жылы қазақ актері Төлепберген Байсақалов дүниеге келді. Ол «Тюльпан» фильмінде басты рөлдердің бірін сомдаған. Аталған кинокартина 2008 жылы  Канн кинофестиваліндегі «Ерекше көзқарас» номинациясында гран-при жүлдесін жеңіп алған.

Ай күнтізбесі

Ай Тауешкі белгісінде орналасады. Бұл кәсіби байланыстарды орнатуға өте қолайлы күн. Маңызды құжаттарға қол қойып, келіссөздерді табысты аяқтауға, әрі өміріңізді өзгертуге де мүмкіндік бар.



sputniknews.kz