Бубон обасы. Моңғолияда адамды бір тәулікте өлтіретін ауру тарап жатыр

1
30
Advertisement

Моңғолияның батысында карантин енгізілді, – деп хабарлайды Central Asia.

Батыс Моңғолияның екі аумағында бубон обасы туралы хабарланғаннан кейін карантин шаралары жарияланған. Карантин 29 маусымда сағат 10.00-де басталды, қашанға дейін созылатыны әлі белгісіз.

Дереккөз мәліметінше, 27 жастағы тұрғын суыр етін жеген соң жексенбіде ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ, тағы бір әйел адамның ауыр жағдайда жатқаны айтылады. Ол әйелд 60-тан аса адаммен байланысты болуы мүмкін дейді.

Бубон обасы – бұл жабайы кеміргіштерде өмір сүретін бүргімен берілетін бактериялық ауру. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бұл ауру уақтылы емделмесе,  ересектерді 24 сағаттан аз уақыт ішінде өлтіруі мүмкін.

kaz.tengrinews.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

1 Пікір

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз