Маңғыстау жұрты індет тоқтасын деген ниетпен жылқыны құрбандыққа шалды

0
8
Advertisement

Белгілі қоғам қайраткері Жәнібек Қожық коронавирус инфекциясының елде белең алуына байланысты алаңдаушылық білдірді. Белсенді осы орайда Маңғыстау облысында жергілікті тұрғындар індет тоқтасын, ауырып жатқандар жазылсын деп дұға жасап, ала жылқыны құрбандыққа шалғанын жеткізді.

Бұл туралы Жәнібек Қожық Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастайын! Әлемді жайлаған, алапат індет сағат санап жайылып барады. Әлем ғалымдары, бұл вирусты тоқтататын амал таба алмай қиналып жатыр.

Екі аяқты, жұмыр басты пендеге Аллаға жалбарынғаннан басқа амал қалмады. Бүгін Маңғыстау облысы, Оңды ауыл тұрғындары Алладан алапат індет тоқтасын, ауырып жатқандар жазылсын деп дұға жасап, ала жылқыны құрбандыққа шалды.

Етті 12-ге бөліп, жағдайы қиын 12 отбасына таратты. Алла халықтың тілегін қабыл алғай! Жұқпалы індет тоқтағай, ауырып жатқандар тез жазылғай! Халқымыз бақытты болғай! Алла жар болғай!» – деді ол.

Еске сала кетсек, осыған дейін белгілі заңгер Айгүл Орынбек науқастардың мешітке жатқызу керек деген ұсынысы үшін көпшіліктің қарсылығына ұшыраған болатын.

nur.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз