Бубон обасы. Моңғолияда адамды бір тәулікте өлтіретін ауру тарап жатыр

1

Моңғолияның батысында карантин енгізілді, — деп хабарлайды Central Asia.

Батыс Моңғолияның екі аумағында бубон обасы туралы хабарланғаннан кейін карантин шаралары жарияланған. Карантин 29 маусымда сағат 10.00-де басталды, қашанға дейін созылатыны әлі белгісіз.

Дереккөз мәліметінше, 27 жастағы тұрғын суыр етін жеген соң жексенбіде ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ, тағы бір әйел адамның ауыр жағдайда жатқаны айтылады. Ол әйелд 60-тан аса адаммен байланысты болуы мүмкін дейді.

Бубон обасы — бұл жабайы кеміргіштерде өмір сүретін бүргімен берілетін бактериялық ауру. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бұл ауру уақтылы емделмесе,  ересектерді 24 сағаттан аз уақыт ішінде өлтіруі мүмкін.

kaz.tengrinews.kz