БҚО-да үйдің жоқтығынан күйеуі мен әйелі бөлек тұруға мәжбүр
БҚО-да үйдің жоқтығынан күйеуі мен әйелі бөлек тұруға мәжбүр. Бірнеше жылдан бері мемлекеттік үй кезегінде тұрған отбасында үміт қалмаған. Үйдің тарлығынан отағасы әке-шешесінің үйін паналаса, жұбайы кішкентай алты баласымен анасының үйінде тұрады. Облыс әкімінің алдына барып, қиын жағдайлары туралы жеткізген отбасыға аймақ басшысы қаңырап тұрған ескі үйді ұсынған. Отбасы
1984 жылы дүниеге келген Сұлтанова Жанат 2007 тұрмысқа шыққан. 2013 жылға дейін БҚО-ның Бәйтерек ауданы, Дариян ауылында ата-енесімен бірге тұрып, дүниеге төрт бала әкелген. Кейін жатақханадан екі бөлме бөлініп, бөлек шыққан. Жатақханада жағдай болмай, тіпті жылу болмаған соң егізге аяғы ауыр әйел өзінің анасының үйіне, Сырым ауданы, Жымпиты ауылына уақытша тұруға барған екен. Анасының үйінде егізін босанған Жанат қазір алты баласын тәрбиелеуде.
Копбалалы отбасы қазір үй алуға арыз беріп, кезекте 26-ншы болып тұр. Дегенмен баспанадан зар болған отбасының әзірге мемлекеттен бөлінетін үйге қолы жетер емес.
«Жолдасы жұмыс жасамайды, тиіп-қашып істейді, мемлекеттен осы күнге дейін бір тиын да көмек болмады. Тек 26 мың теңге балалардың пособиесі. Бәйтерек ауылында Күлгіновқа (Алтай Күлгінов, БҚО әкімі – ред.) арыз бердім, Шахаров мырзаны (Асхат Шахаров – Бәйтерек ауданының әкімі) шақыртып алып, мына кісіге көмек көрсетіңдер деп бұйырды. Рыбежкадан үй ұсынды, ол үйді қарасам, шошып кеттім, кішкентай екі бөлме. Апаттық жағдайда, онда қайтып тұрамыз? Келіп қайта айттым, уақытша ала тұрыңыз деді. Үйдің іші-сырты анау, әзер тұрған нәрсе, құлағалы тұр, жөндеу жұмыстарын жасауға көмек беруді сұрадым», — дейді келіншектің анасы Фатима.
«Менде алты баласымен тұр, жолдасы Дариянда, бір семья екіге бөлініп қаңғып жүр. Балаларды қазір осы жердің емханасына тіркедік, не мұнда тиесілі дәрі-дәрумендердің бірін бермейді. Д3 деген бала ішуі керек дәрумен бар, ол келмеді дейді. Не қызудың дәрісі жоқ, өткенде балалар ауырып апарсақ. Барлық дәрілерді сатып аламыз. Наурыз айында беруі керек балалардың сүтін де бермеді», — деп налиды қарт ана.
Фатима апайдың айтуынша, қызы отбасымен еліміздің қай өңіріне болса да көшіп баруға даяр.
«Мына заманда алты баласы бар әйелдің қаңғып жүргені дұрыс па?» деген Фатима апай Қасиетті Рамазан айында қайырымды жандардан баспана мәселесін шешіп беруді сұрайды.
Фатима апай мен Сұлтанова Жанаттың байланыс номері: 87776167282
stan.kz