Ұлттық банк салмағы 1 кг тартатын монета шығарды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Коллекциялық монеталар Еуразиялық экономикалық одақтың бес жылдығына арналды

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр — Sputnik. Ұлттық банк «Eýrazialyq ekonomikalyq odaq. 5 jyl» коллекциялық монеталарын айналымға шығарды.

Номиналы 50 000 теңгелік алтын (999 сынамалы) монетаның салмағы 1 килограмм тартады, диаметрі 100 миллиметр, таралымы 20 дана.


©
Foto : Национальный банк РК

Номиналы 50 000 теңгелік «Eýrazialyq ekonomikalyq odaq. 5 jyl» алтын монетасы

Номиналы 500 теңгелік алтын (999 сынамалы) монетаның салмағы 31,1 грамм тартады, диаметрі 32 миллиметр, таралымы 500   дана.


©
Foto : Национальный банк РК

Номиналы 500 теңгелік «Eýrazialyq ekonomikalyq odaq. 5 jyl» алтын монетасы

Номиналы 500 теңгелік күміс (925 сынамалы) монетаның салмағы 31,1 грамм тартады, диаметрі 38,61 миллиметр, таралымы 1500 дана дайындалған.


©
Foto : Национальный банк РК

Номиналы 500 теңгелік «Eýrazialyq ekonomikalyq odaq. 5 jyl» күміс монетасы

«Коллекциялық монеталар Еуразиялық экономикалық одақтың бес жылдығына арналады. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу және аударым жасау үшін қабылданады, Қазақстан Республикасының барлық банкінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады», — деп жазылған Ұлттық банктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.



sputniknews.kz