БҚО-да экс-полицей әйелін 6 жыл бойы соққыға жығып, соңында келіншегін сотқа берген

0
1284
Сурет: Әсел Алқановаға тиесілі

Батыс Қазақстан облысында бұрынғы полицей әйелін соққыға жығып, артынша оны оқиғаны жариялағаны үшін сотқа берген, деп хабарлады paryz.kz «Уральская неделя» басылымына сілтеме жасап.

Әсел Алқанова есімді келіншек 6 жыл бойы күйеуі Хайдар Жексеновтен қорлық көріп келгенін басылымға айтып берген. Мұны білген күйеуі оқиғаны жариялағаны үшін әйелін сотқа беріп, 1 миллион теңге талап етіп отыр.

Бұған қоса, әйелін азаптаған ер адам басылымның үстінен де арыз түсірген. «Уральская неделя» басылымы бұл туралы сот қарсаңында бір-ақ білген.

Сот ісімен танысқан судья басылымға қатысты шағымды қараусыз қалдырған. Ал Әсел Алқанованың ісі сотта жалғасын табатын болды.