БҚО-да бір ауыл тұтастай карантинге жабылды – Қазақстан жаңалықтары

0

Батыс Қазақстан облысындағы Тасқала ауылы ертеңнен бастап карантинге жабылатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

карантин

«Тасқала ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 27 мамырдағы №3 қаулысына сәйкес, Тасқала ауылының эпидемиологиялық жағдайын ескере отырып Тасқала ауылының аумағында 28 мамыр сағат 00.00-ден бастап карантиндік режимде шектеу және тыйым салу шаралары жарияланды», – делінген ауыл әкімідігінің Facebook-тегі жазбасында.

Атап кетерлік жайт, қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында 493 адам коронавирус жұқтырған. Бұған дейін аймақта Сырым ауданы мен Жәнібек ауылы карантинге жабылыпты. 

 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз