БҚО-да белгісіз азаматтар ерлі-зайыптыны қастандықпен өлтіріп, олардың көлігін өртеп жіберген — Қазақстан жаңалықтары
Батыс Қазақстан облысында ерлі-зайыптыларды қастандықпен өлтіріп, олардың көлігін өртен жіберген күдіктілер қолға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Уральская неделя» басылымына сілтеме жасап.
Наурыз айының соңына таман ерлі-зайыптылар жоғалып кеткен көрінеді. Ал сәуір айының басында Үлкен Шаған ауылындағы орманның ішінен өртеніп кеткен Volkswagen Jetta көлігі табылыпты.
Тексеру нәжителеріне сәйкес, көліктің 1972 жылғы ер азаматқа тиесілі екені анықталыпты. Ал оның иесі мен жолаушы болған жұбайы өлтіріліп, көліктері айдап әкетіліп, өртенгені мәлім болған.
Полиция күдікті деген екі азаматты іздестіруге кіріскен. Оқиға бойынша «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалыпты. Күдіктілер 14 сәуір күні қолға түскен.
Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, қаза болғандардың жақындары мен туыстары өртенген көлік табылмай тұрып олардың өлімі жайлы білмеген екен.
stan.kz