Дәрігерлер Қарағанды облысында құлаған әскери ұшақ пилоттарының халі туралы: Ми шайқалуы, күйіктер мен басқа да зақымдар келген: — Қазақстан жаңалықтары

0

Қарағанды облысында құлаған әскери ұшақтың екі пилотының жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

науқас

Бұл туралы Қарғанады облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев айтып берді. 

«Айтқанымыздай жағдайлары орташа ауырлықта. Ұшқыштардың қимыл-тірек аппаратына зақым келген, бас миының шайқалуы, жеңіл күйіктер секілді жарақаттар алған. Оларға толығымен тексеріс жасалып, енді ем шаралары тағайындалды. Пилоттардың жай-күйі тұрақты деп айтуға болады», — деді басқарма басшысы. 

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында арты қайғылы оқиғаға айнала жаздаған әскери ұшақ апаты орын алған еді. Қазір аталған жайт бойынша тексерістер жүргізілуде. 

stan.kz