Бозымбаев: Орынбасарым өз еркімен жұмыстан кеткісі келеді

0

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Бас прокурор кінә артқан орынбасары Анатолий Шкарупаның қайда жүргенін айтып берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бозымбаев

Қанат Бозымбаев. Фото: Today.kz

Бозымбаевтың сөзінше, Шкарупа қазан айының ортасынан бастап қызметіне кіріскен.

«Қауіпсіздік кеңесінде білгенім, Бас прокурордың пікірінше, 2015 жылы ол жақта бәр жұмысты дұрыс істемеген екен. Жиын болатын күні оны Қарағанды облыстық прокуратурасына шақырып, куәгер ретінде жауап алған», — деді министр.

Қазіргі таңда Шкарупаның қызметі қалай болатыны нақтыланып жатыр екен.

«Ол енді вице-министр ретіндегі қызметін тоқтатады немесе өз еркімен жұмысын бостауды ойлап отыр», — деді Бозымбаев.

Сондай-ақ, министр Шкарупаның министрлікте көптеген жұмысқа пайдасы тиетін жоғары санатты маман екенін алға тартты.

Атап айтқанда, ол тарифтерді төмендетуге көмек бере алатын еді дейді. Ал 2015 жылы не болғанын Бозымбаев нақты білмейтінін айтты.

Қазір оның орынбасары Астана қаласында екен.


Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар