Қытайдың басқа аумақтарға шабуыл жасау туралы ойы жоқ — Назарбаев — Ел жаңалықтары

0

Қазақстан Қытайдың ең жақын көршісі болып саналады және ол қазір Қытай тарапынан ешқандай қысым көріп жатқан жоқ. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Astana Club отырысында айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Мысалы, маған неліктен мұндай конфронтацияның (АҚШ пен Қытай арасындағы — автор.) болып жатқаны түсініксіз. Біреулер Қытайды өзін мемлекет етіп көрсеткісі келетін континент деп айтады. Қытай — ол өзін халық ретінде таныстырғысы келетін өркениет. Расында да солай. (…) Ешқандай шабуыл мен қысым және патернализмді сезіп жатқанымыз жоқ», — деді Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың өз ішкі проблемалары (жұмыссыздық, көші-қон және тағы басқа) жеткілікті екенін айтып өтті.

«Си Цзиньпинмен жиі кездесіп тұрамын, осы тақырыптарда ашық сөйлесеміз. Қытайдың экспансия, басқа аумақтарға шабуыл жасау туралы ойы жоқ. Керісінше оларға даму керек, бейбіт өмір керек. Мемлекеттің ішкі жағдайын жақсартып, елдің технологиялық өсімін дамыту керек», — деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қытай жаһандану мен даму идеясын белсенді түрде қолдап жатыр.

«Жібек жолында» жаһандану дамып жатыр. Бұл бағдарламаға әлемнің 60-тан аса мемлекеті қатысып жатыр. Қытайдың қаражаты бар, мемлекеттердің дамуына көмектесіп жатыр. Мұнда елді басып алу қаупі бар ма? Мен ондайды көріп тұрған жоқпын», — деді Президент.

Ірі дағдарыстар болуы әбден мүмкін — Назарбаев