«Босқа жұмыс істемеппіз». Назарбаев қазақстандық жастарға бата берді — Ел жаңалықтары

0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық жастарға үндеу жасап, батасын берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Сіздердің өз еліңізді мақтан тұтып, тарихымызды, салт-дәстүрді білгендеріңізді қалаймын. Біз, номадтар, көшпелі халықтың ұрпақтарымыз. Көшпелі халық та әлемдік мәдениет пен тарихқа өз үлесін қосты. Сіздер елімізді әлемнің дамыған 30 елінің тізіміне ендіре аласыздар. Бүгін осында жиналып, жастар жайлы ғана емес, еліміздің тағдыры, болашағы жайлы әңгімелескенімізге қуаныштымын. Мен жастарымыздың дамығанын білетінмін, бірақ бүгін оны толықтай түсіндім. Осы күнге дейін босқа жұмыс істемеппіз, әлі күнге дейін жұмыс істеп жатырмыз, ғылымды дамытуда атқарылып жатқан жұмыстырамыз бекерге емес. Дұрыс ұрпақ тәрбиелеп шыққанымызға сенімдімін, еліміздің болашақ ұрпағы үшін уайымдамаймыз!», — деді Мемлекет басшысы жастарға.

Жастар жылын ашуға арналған салтанатты іс-шараның соңында Нұрсұлтан Назарбаев барлығына денсаулық пен амандық тіледі.

Назарбаев Жастар жылын ашты

Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев жастарды кешенді қолдау мақсатында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын. Кейінірек Жастар жылының логотипі бекітілген еді. Авторлар логотиптің түстік гаммасына ерекше көңіл бөлген. Мысалға сары түс — позитивті энергетиканы, мерекені, күннің нұрын, көгілдір түс — кеңшілдікті, шығармашылық әлеует пен достық қарым-қатынасты білдіреді. Көк түс- рухани тазалық мен кемелдікті, қызғылт-сары түс — тұрақтылықтың, қуаныштың, достық қарым-қатынастың символы деп бейнеленген.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz