Бөртпе неге шығады? Оның мәнісі неде?

0

Бетіңіздегі бөртпе нені білдіреді? 

Бет терісінің бір жеріне ғана қайталанып бөртпе шыға берсе, онда бір мүшеңіздің ауруы, дұрыс тамақтанбау және дұрыс күтім жасамау себеп болуы мүмкін. 

Иектегі бөртпе 

Егер көп жағдайда безеуді беттің төменгі жағынан немесе төменгі жақ сызығынан байқасаңыз, міндетті түрде эндокринологқа қаралыңыз. Қалқанша бездегі жұмыстың ауытқуы және гармонды теңгерімсіздік бетте осы жағымсыз жолмен көрінеді. 

Самайдағы бөртпе 

Егер безеулер мен қызарулар самайға көп шықса, терінің құрғап кеткендігін білдіреді. Сондықтан, суды көп мөлшерде ішіңіз. 

Маңдайдағы бөртпе 

Маңдайға бөрпенің көп шығуына шашқа арналған сапасыз сусабын мен бальзам кінәлі. Себебі олар теріге тиіп, ұсақ тесіктерге кіріп кетеді. Екінші себеп — бетке жаққан бояуды дұрыс кетірмеу. Үшінші себеп — скрабтарды мөлшерден тыс көп пайдалану. Себебі, оларды көп қолданған жағдайда терінің қорғаушы қабатын бұзады. 

Ерін айналасындағы бөртпе 

Егер ерін айналасына бөртпе көп шыға берсе, тәтті және майлы тағам мөлшерін азайтыңыз. Асқазаныңыз осындай жолмен сізге белгі беріп тұр. 

Жақтағы бөртпе 

Жақтағы бөртпе жағыңызды таянып (қолыңызды сүйеніп) отырғаннан немесе ұялы телефонмен ұзақ сөйлесуден болады. Сондықтан қолға арналған антибактериялық спрей алыңыз. 

Т-зонадағы бөртпе 

Т-зонадағы бөртпе жұқарған жүйкенің (күйзеліс, ұйқының қанбауы және т.б) тікелей көрінісі. Сондықтан демалыс алуға тырысыңыз немесе түнімен интернет желісінде отырудан бас тартыңыз.

Дереккөз: http://reactor.inform.kz