Бөренемен ұрып, пышақтап тастаған: Үш жасар қыз бен анасын өлтірген ер адамға үкім шықты — Қазақстан жаңалықтары

0

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты 3 жасар қыз бен оның анасын қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған ер адамға үкім шығарды. Ол 21 жылға бас бостандығынан айырылды.

Досымен бірге зорлап, видеоға түсірген: Елордада жас қызды зорлаған жігітке қатысты сот үкімі шықты

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды. 

Белгілі болғандай, 7 тамыздың түнінде сотталушы Дементьев пен жәбірленуші ұрысып қалыпты. Бұл кезде жәбірленушінің 3 жасар қызы жанында болған. Ер адам ішімдік пен есірткіге масайған күйінде қолына бөрене алып, әйел мен қызды ұрып-соққан. Салдарынан екеуі де есінен танып қалған екен.  

Мұнан кейін ер адам асүй пышағымен оларды аяусыз пышақтай бастаған. Бұл кезде құрбандары арагідік есін жиған екен. Алайда күдікті пышақ сұғуын тоқтата алмаған. Нәтижесінде әйел мен қызы оқиға орнында көз жұмды. Ер адам олардың өлгеніне көз жеткізгеннен кейін мәйіттерін отынның астына жасырып, ұйықтап қалады. 

Ертесі күні олар марқұмдардың құлағынан алтын сырғасын алып, үйден банк картасын ұрлап, қашып кеткен. Мұнан кейін Петропавлда картадан 16 мың теңге шешіп алыпты. 

Үкімде аталғандай, сот-психиатриялық сараптама қорытындысында сотталушының психикалық ауруы жоқ екені және өзінің не істеп жатқанын білетін жағдайда болғаны көрсетілген. 

Сот Дементьевті Қылмыстық кодекстің «Кәмелетке толмаған, дәрменсіз күйде болған екі адамды аса қатігездікпен өлтіру» және «Ұрлық» баптары бойынша кінәлі деп таныды. Сотталушы 21 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал марқұм Айнагүлдің ағасы Амангелді Дүйсекин сот шешімінің тым жеңіл екенін және үкіммен келіспейтінін айтты.

Еске сала кетсек, бұған дейін ер адам әйел мен 3 жасар қызды қалай өлтіргенін айтып берген еді. Артынша оның қорғаушысының сот залында айтқан сөзі жұрттың жағасын ұстатты

stan.kz