«Болды, мырзалар, тынышталыңыздар». Божко ақыры немере қарауға кетті
Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко зейнетке шықты. Бұл туралы ол Халықтар ассамблеясы кулуарында айтты.
«Бітті, рахмет. Facebook желісіне де жариялап қойдым. Болды, мырзалар, тынышталыңыздар. Бір адам мені үнемі зейнетке шығарғысы келіп еді. Мен кеттім. Болашақта не істейтінімді білмеймін. Алайда менің 7 немерем бар, айналысатын ісім бар», — деді Божко.
Божко президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулинге алғыс айтты.
«Себебі менің жасымда… Ең бастысы — мен бұл жерде үлкен тәжірибе жинадым. Бұған дейін де заң шығармашылық процесте болдым, бірақ бұл жерде барлығына қажет теңдесіз тәжірибе жинақтадым. Ол маған барлық жағынан керек болады», — деді Божко.
Депутат 2019-2020 жылдары әлеуметтік және қаржылық қолдауды күшейткен көптеген Заң қабылданғанын айтты.