Болат Назарбаевтың тоқалы: Ғабидолла Әбдірахымов қалтама 70 мың доллар салды
Әнші және актриса, Болат Назарбаевтың тоқалы Динара Әлжан Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен тығыз байланыста болғанын мәлімдеді. Бұл туралы әнші YouTube-тегі «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kznews.kz порталы Arbat.media сайтына сілтеме жасап.
Динара Әлжанның айтуынша, Болат Назарбаев кеткеннен кейін оның материалдық жағдайы нашарлаған.
Осы қиын күндерде әнші Шымкентке үйлену тойға шақыру алады. Осы уақытта ол Шымкент қаласының бұрынғы әкімімен танысады.
«Шымкентте біз караокеде отырғанда Ғабидолла Рахметоллаұлы көмекшілерімен бірге келді. Ол кезде Шымкент қаласының әкімі болған. Ол кезде менде қонақүй үшін төлеуге ақша болмады. Мені үйлену тойына шақырғандар мені тастап кеткен. Менде бір тиын болған жоқ. Сол кездесуде ол маған қарап, әңгіме бастады. Содан кейін ол мені биге шақырды. Қайрат Нұртас ән шырқады. Осылайша мен Ғабидолламен таныстым. Сол түні ол маған Rixos қонақүйінде VIP бөлме алып берді», — дейді Динара Әлжан.
Динара мен Ғабидолла Әбдірахымовтың кездесуі осылай басталған. Әншінің айтуынша, әкім оны келесі күні кешкі асқа шақырып, құны 20 мың доллар тұратын гауһар сырғалар сыйлаған. Сонымен қатар, ол үй сатып алу үшін оның қалтасына 70 мың доллар салған.
«Ол маған 20 мың долларға сырға сыйлады. Түскі ас кезінде тағы бір миллион теңге берді. Содан кейін мен оған үйсіз қалғанымдымды, бірақ Болаттың Тоқалы екенімді айтпадым. Сол кезде ол Алматыдан үй сатып алуға 70 мың доллар берді. Осы ақшаның жартысына мен бес бейнеклип түсіріп, жартысына үй сатып алдым. Біз Габидолла мырзамен жақын қарым-қатынаста болдық. Ол өте жақсы адам, нағыз джентльмен», — дейді әнші.