Ерлан Қошанов Мәжіліс төрағасы болып сайланды

0

Мәжіліс төрағалығына Ерлан Қошановтың кандидатурасын депутат Бақтықожа Ізмұхаметов ұсынды.

Мәжіліс спикері жасырын дауыс беру арқылы сайланды. Ол үшін депутаттар арасынан Санақ комиссиясы құрылды. Санақ комиссиясы дауыс беру барысын және дауыстарды санауды қадағалады.

Санақ комиссиясы жасырын дауыс беру нәтижесін жариялады. 98 депутат дауысын Ерлан Қошановқа берді.