Болат Назарбаев: Меккеде еріксіз жыладым — Қазақстан жаңалықтары
Бұған дейін балалық шағы, жеке өмірі, отбасы жайлы ашық сұхбат берген Болат Назарбаев қайырымдылық әреті жайлы баяндады. Адамзаттың бесінші парызын орындағанын айтты.
Бұл туралы меценат Гүлмира Нәлібайға берген сұхбатында айтты.
Болат Назарбаев мұсылманның бесінші парызы — қажылыққа барған. Бір емес, 4 мәрте қажылығын өтеген ол Меккенің қасиетті жер екенін айтты.
«4 рет барып, қажылығымды өтетім. Ол жақта еркін отыра алмайсың. Еріксіз жылай бересің. Ауасы да басқаша, ыстық жер. Бірақ Алланың көмегімен ыстықтамайсың, терлемейсің де. Қанша жаяу жүрсең де, шаршамайсың. Алланың құдіреттілігі сонда», — деді ол.
Айтуынша, Болат Назарбаев қасиетте жерде бірінші кезекте Алладан елімізге тыныштық тілеген.
«Ең бірінші Алладан елімізге тыныштық тіледім. Алла көріп тұр ғой. Екінші елбасына амандық тіледім. Сосын өз отбасыма, бала-шағама амандық тіледім», — деді Назарбаев.
Оқи отырыңыз:
stan.kz