Балаға қандай есім қоюға болады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

13 0 0

Ер балаға жиі қойылған есімдердің үштігіне Әлихан, Айсұлтан, Нұрислам, ал қыздар арасында Медина, Асылым, Раяна енді

АЛМАТЫ, 17 сәуір –Sputnik. Әділет министрлігінің АХАТ бөлімі 2019-2020 жылдары Қазақстанда ең көп қойылған есімдердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«2019 жылы 4 268 балаға Әлихан есімі берілді. 3 270 балаға Айсұлтан, 2 528 балаға Нұрислам есімі қойылды. Бұл есімдер 2020 жылы да көш бастап тұр. Жыл басынан бері 1 204 Әлихан, 841 Айсұлтан және 765 Нұрислам дүниеге келді», — делінген хабарламада.

Ал қыздардың есімінде өзгерістер бар. 2019 жылы бірінші орында Райана (Раяна) есімі тұрды. 5 601 ата-ана қызына Раяна есімін берді. Екінші орында Медина (5 320 қыз), үшінші орында Айзере (4 510 қыз) есімі тұрды.

«Жасырын ақпарат бар»: қазақ балаға қандай есім қоймаған?

«2020 жылы Медина есімі көш бастады. Екінші орында Асылым (Асыл) тұр. 1 183 жаңа туған нәрестеге осы есім берілді. Өткен жылдың көшбасшысы болған Раяна есімі бұл жылы да үштікке кірді. Жыл басталғалы 1 172 нәрестеге Раяна есімі берілді»,- дейді АХАТ.

2020 жылы ер балаға жиі қойылған есімдер

1.    Әлихан

2.    Айсұлтан

3.    Нұрислам

4.    Әмір

5.    Алдияр

6.    Әли

7.    Әрсен

8.    Омар

9.    Санжар

10.  Ерасыл

11.  Ислам

12.  Ибрахим

13.  Расұл

14.  Мансұр

2020 жылы қыз балаға жиі қойылған есімдер

1.    Медина

2.    Асыл

3.    Раяна

4.    Айлин

5.    Айзере

6.    Айша

7.    Айым

8.    Аяла

9.    Томирис

10.  Айару

11.  Кәусар

12.  Сафия

13.  Айкөркем

14.  Адина



sputniknews.kz