Болашақ – роботты хирургияда — Ұлт саулығы|22 Қараша 2018, 13:36

0
22 Қараша 2018, 13:36 188 0

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы жылдары Қазақстанның медициналық орталықтарында жаңа технологиялар енгізілуде. Соның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығында кардиохирургия, нейрохирургия саласында, бас миы, жұлынға ота жасау, эпилепсия дертін емдеу сияқты көптеген оталардың әдістері мен тәсілдері енгізілді. Бұл туралы Астанада отандық және шетелдік дәрігерлердің қатысуымен өтіп жатқан халықаралық форумда айтылды.

«Басты мақсат – науқастардың денсаулық сапасын арттыру. Роботты хирургия еліміз бойынша алғаш рет Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығына енгізілді. Біздің орталықта робот арқылы ота жасап қана қоймай, ота қалай жасалатынын оқытатын орталық бар. Мұндай орталық Америка мен Италияда, ал ТМД елдері бойынша біздің мемлекетте ғана бар», — дейді Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы басшысының орынбасары Ажар Төлеғалиева.

Болашақ хирургия – роботты хирургия, себебі робот терең орналасқан жараға ота жасай алу қабілетіне ие. Сондай-ақ, аталған орталықта кез келген адам болашақта онкология дертіне шалдығатынын, не шалдықпайтынын алдын ала анықтай алады.

«Біздің орталықта ішек онкологиясы бар-жоқ екенін анықтауға болады. Диагностикалық тәсілдер арқылы қай ішекте қандай жара бар екенін анықтауға болады. Тіпті, болашақта осындай дертке шалдығатын немесе шалдықпайтыныңызды анықтауға болады», — дейді ол.

Адамның генетикалық паспортын жасау тәсілі он жыл бұрын қымбат болса, қазіргі уақытта диагностикалық аппараттардың жетілдірілуіне байланысты, көптеген медициналық орталықтарға бұл тәсілдің енгізілуіне байланысты бұл тәсілдің бағасы қолжетімді болып келе жатыр.

«Егер Қазақстандағы әрбір медициналық орталықтарға персоналдық медицина енгілетін болса – ол әр азаматқа қолжетімді болады. Бұл тәсіл арқылы онкология емес, кез келген дерт түрін алдын ала болжауға болады», — дейді ол.

Медицина ғылымы мен іс-тәжірибесінде тәжірибе алмасу, денсаулық сақтау саласындағы инновациялық зерттеулердің ғылыми, клиникалық және ұйымдастыру-техникалық әлеуетін іске асыруға қолдау көрсету мақсатында форумда «Биомедицина. Ғылым. Тәжірибе» және «Хирургияның бүгіні мен ертеңі» тақырыптарында көлемді екі конференция өткізу жоспарланған.

Аталған форум 22-23 қараша күндері өтеді.

Фотолар: Нұржас Жақсыбай


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ