«Болашақ» бағдарламасына өзгерістер енгізіледі

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент бағдарламаның кейбір тұсын сынға алған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов президенттің сынынан кейін «Болашақ» бағдарламасына өзгеріс енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Болашақ» бағдарламасының қаншалықты тиімді екенін жақсы білесіздер. Біраз адам осы бағдарлама бойынша білім алды. Әрине, уақыт өткен сайын бағдарламаны жетілдіріп отыру қажет. Бізге нақты тапсырма берілді. Осы тапсырманың аясында тиісті құжаттар уақытында дайын болады», — деді Аймағамбетов елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Баспасөз мәслихатынан кейін Sputnik Қазақстан тілшісі министрден «Болашақ» бағдарламасына енгізілетін өзгерістер жайында кеңірек айтып беруді сұрады. Министрдің сөзіне қарағанда, мемлекеттік қызметкерлердің нақты санаты бойынша шектеу болады.

«Оны өздеріңіз естідіңіздер, қандай тапсырма екенін де білесіздер. Бұл — мемлекеттік қызметтегі азаматтарға бағдарламаға қатысуға шектеу қою мәселесі. Осы мәселе бойынша тиісті құжаттар дайындалады. Сол кезде хабарын айтамыз», — деді Аймағамбетов.

Президент «Болашақ» бағдарламасын сынға алды

Осы аптаның басында өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілердің «Болашақ» бағдарламасына қатысуына қатысты пікір білдірген болатын.

Президент білім және ғылым, ұлттық экономика министрліктерін мысалға келтірді. Министрдің орынбасары «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу үшін қызметтен оп-оңай кете салатынын айтты. 45 жастан кейін де оқуға түскендер болған. 

Тағы оқыңыз: Тоқаев «Болашақ» арқылы оқитын шенеуніктер жайлы айтты

Тоқаев мұндай жағдай мемлекеттік қызмет емес, абсурд екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол саяси қызметшілер оқумен жұмыстан бос уақытта айналысуы керек екенін қадап айтты. Бастысы, бұл іске мемлекет қаржысы жұмсалмауы керек деген пікір білдірді.



sputniknews.kz