Боксшы ұлына сыйлық алып беру үшін чемпиондық белбеуін сатып жатыр — Бір үзік

0

Шотландиялық боксшы Ронни Кларк ұлына Рождествоға сыйлық алып беру үшін Халықаралық бокс федерациясының (IBF) чемпиондық белбеуін сатып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі World Boxing News басылымына сілтеме жасап.

«Ақпанда IBF нұсқасы бойынша екінші жартылай орта салмақта жеңіп алған белбеуімді сатамын. Қарсыласым жарақат алуына байланысты келесі жекпе-жек өтпейтін болды. Ұлыма Рождествоға сыйлық алуға ақшам жоқ, сондықтан сатып жатырмын», — дейді Кларк.

Сондай-ақ, боксшының қолтаңба беріп, белбеуді сатып алушының қолына өзі бере алатыны айтылады. Белбеудің бастапқы бағасы — 1 050 фунт (493 мың теңгеден аса).