Екі қалада ауа сапасы нашарлайды

0
79
26 Қараша 2018, 08:13 90 0

Фото: 24kz

Астана, BAQ.KZ. Бүгін метеорологиялық жағдайлар еліміздің екі қаласында ауа сапасының нашарлауына ықпал етеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Атырау мен Қарағанды қалаларының атмосферасында ластаушы заттар шоғырланады. Қазақстанның басқа қалаларында ауа сапасы қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында ластаушы, зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін тымық ауа, жел, тұман, инверсия сияқты қысқамерзімді метеофакторлардың жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ