Боксшы Серік Сәпиевтің әкесі қайтыс болды

0

Қазақстандық спортшы Серік Сәпиевтің әкесі Жұманғали Сәпиев қайтыс болды, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

«Қазақстан бокс федерациясы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевке Жұманғали Дәуітұлының қайтыс болуына байланысты шын жүректен көңіл айтады», — делінген хабарламада.

Ведомство, Серік Сәпиевтің әкесі неден көз жұмғанын хабарлаған жоқ. Айта кетейік, Жұманғали Дәуітұлы — құрметті шахтер, еңбек ардагері. Ол ұш ұл өсірген. Біріншісі – Серік, екіншісі Сергей, ал үшіншісіне туған інісі Бақтайдың есімін берген. Биылғы жылы ақпан айында сол інісі Бақтай Сәпиев те көз жұмған еді.

Бұған дейін мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев бала күтіміне байланысты демалыс алғанын жазған болатынбыз. Естеріңізге сала кетейік, Серік Сәпиев спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып 2019 жылдың қаңтарында тағайындалған болатын.