Алматы әлемдегі ең арзан қалалар бестігіне кірді — зерттеу

0

Әлемдегі ең арзан қалалар тізімінде Алматы қаласы бесінші орынға жайғасты, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Зерттеушілер әлемнің 130 қаласында 138 тауар мен қызметің, оның ішінде азық-түліктің, сусындардың, киім-кешек пен тұрмыстық тауарлардың бағаларын қарастырды.

Аталған ондықта Гонконг, Париж, Цюрих, Сингапур, Осака, Тель-Авив, Женева, Нью-Йорк, Копенгаген, Лос-Анджелес сынды қалалар бар. Ал бірінші орын соғыстан әбден күйреп қалған Сирияның бас қаласы — Дамаскіге тиесілі. Екінші орында Өзбекстанның астанасы — Ташкент қаласы. Үшінші орында — Замбиядағы Лусака, төртінші орында — Венесуэла.

«COVID-19 пандемиясы АҚШ долларының әлсіреуіне себеп болды, ал Батыс Еуропа мен Солтүстік Азия валюталары тауарлар мен қызметтердің бағасын өзгерту арқылы күшейе түсті. Біз жоғарыда атаған көптеген тенденциялар 2021 жылы да жалғасады деп күтеміз», — деді The Economist Intelligence Unit талдау бөлімінің меңгерушісі Упасана Датт.